Конкурс
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №4 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
БОС ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ
1.«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының
білім бөлімінің №4 орта мектебі» КММ
Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Қарахан көшесі № 25
Анықтама, байланыс номері: 45-58-97.
Электрондық пошта: taraz4@mail.кz, taraz4@list.ru
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысымен бекітілген «Барлық білім беру ұйымдарындаоқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі кешенді жоспарын», Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасын, «Білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №139 бұйрығын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
- Бастауыш сынып педагогы лауазымы (өзбек тілінде) (негізгі орын)1 бірлік), еңбек ақысы 80000-120000 тг. (еңбек өтіліне байланысты)
2. Үміткерге қойылатынбіліктілік талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат. 3. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 03-13 ақпан аралығында.
Конкурс өткізу күні: 1 тамыз 2023жыл.
4. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы №513 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
5. Конкурстық құжаттар: Тараз қаласы, Қарахан көшесі 25 үйде орналасқан №4 орта мектебінің қабылдау бөлімінде қабылданады.